12.05.2022
  173


Автор: Сабырхан Асанов

Қандай жақсы, аспан бұлттан ашылған,

Қандай жақсы,
аспан бұлттан ашылған,
алтын күннің алау нұры шашылған.
қандай жақсы,
қарап тұрған көз алмай,
Алатаудың ақшағала басынан.
Қандай жақсы,
кеудеге арман толғаны,
қиялдардың қияңдарға қонғаны.
Қамықтырса қарттық келіп қасыма,
жадыратар сендей жырдың болғаны.
Тұрам, тұрам,
бар шаттықты сарқып ап,
кімге қажет жарты бақыт, жарты бақ.
Қара аспанды,
қабақты бұлт баспасын,
тұрсын әлем,
өтсін көңіл жарқырап..





Пікір жазу