12.05.2022
157
Көбісінен көрік кетіп, әр тайып....
Көбісінен көрік кетіп, әр тайып,
бізді сүйген қыздар кетті қартайып.
Гүлі ырғалған көктемдей бұл өмірде,
кімге сеніп, кімдерге үміт артайық.
Кей атамыз келіп жатыр жүзге де,
кәрілікті дейді ол менен іздеме.
Бізді сүйген жандар жатса қартайып,
қартаю да қажет шығар бізге де..