12.05.2022
167

Кімнен сөз қалып жатыр алтындай боп...
Кімнен сөз қалып жатыр алтындай боп,
жайыма тек жүрейін сарқылмай көп
десем де,
бұлтты аспанның жабығынан,
көктемде көз жауын ап жарқылдайды от.
Кезінде күйіп-жанып күн қараған,
көңілдің күйін қалай қымтар адам,
жәудіреп тұрса мына бар дүние,
көздерден сағыныш пен мұң тараған...