meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.05.2022
  177


Автор: Сабырхан Асанов

Көгереді, сарғаяды жапырақ...

Көгереді,
сарғаяды жапырақ,
құлпырады,
қуарады атырап.
Соның бәрін аңғарамын, байқаймын,
сыртқа шықпай,
өзім үйде жатып-ақ.
Өткен күнде,
кеткен күндер есепте,
бұл уақыт байқалмайды десек те.
Денсаулықтың арқасында тек жатып,
қартаятын болдым жұмсақ төсекте...





Пікір жазу