12.05.2022
137

Ұйқысыз өлең
Мына қала
мен келгенде бар еді,
мына ағаштар
мен келгенде бар еді.
Қалғаны есте
бәрі, бәрі кәрі еді.
Мына өзендер
мен келгенде бар еді,
мына таулар
мен келгеңде бар еді.
Қалғаны есте –бәрі, бәрі кәрі еді.
Мен кәрі боп,
жасқа ұқсап тұр бәрі енді!