12.05.2022
173
Басында таудың қар жатыр...
Басында таудың қар жатыр,
қартайған,
қартайған секілді.
Көлімде менің зар жатыр,
ортайған,
ортайған секілді.
Тырналар ұшады аспандап,
сыңсыған,
сыңсыған секілді
сол көзден жас парлап
сусыған,
сусыған секілді.
Кетіп ек көргеннен достасып,
қаратқан,
қаратқан секілді,
жас күнім менімен қоштасып,
баратқан,
баратқан секілді