12.05.2022
142
Алматыда нөсер төкті, жел тұрды...
Алматыда нөсер төкті, жел тұрды,
қуып кетті ықтасынды ел түрлі.
сабаласқан құшақтасқан ағаштар.
жас күнімді көз алдыма келтірді.
Алматыда нөсер тоқтап, жел тынды,
рахатқа батқан қала желпінді.
Жапырақта күліп тұрған тамшылар,
көз алдыма күлген қызды келтірді.
Байқадың ба мұны қалқам, жас қалқам,
кіліт болып көңіл құлпын ашқан сан.
Көп жуынған баулар қандай көгілдір,
көшелер де қандай таза басқан шаң.
Менің дағы кіп-кішкентай бауым бар,
қара бұлттар деймін бермен ауындар,
қалаға ұқсап оған дағы керегі,
жұлқылаған дауылдар мен жауындар..