12.05.2022
203
Жапырақ сарғайып...
Жапырақ сарғайып,
желге ұша бастады-ау,
тағы да күз келіп,
жанымды жасқады-ау.
Бау сұлық кешегі,
қуантқан күлдіріп,
өмірдің өтерін
бітерін білдіріп.
Жабырқап жер мен көк,
жыр-мұңын толғаса.
...Болмас ед осы өлең,
осы күз болмаса