12.05.2022
212
Биылғы күз жаз секілді...
Биылғы күз жаз секілді,
тауқыметі аз секілді.
Қартаймайтын көңілдей боп,
өзіне өзі мәз секілді.
Қаншама артта қалдырды айды,
шаршамайды,
болдырмайды.
Биылғы күз жаз секілді,
сарғайғанмен, тоңдырмайды.