12.05.2022
139

Күз келеді -ау жапырақтарды сарғайтып
Күз келеді-ау жапырақтарды сарғайтып,
жаңбыр төгіп,
жауады ма қар қайтып.
Төрт мезгілін жылдың баққан синоптик
секілденіп
отырам ба барды айтып.
Күз келеді-ау,
келер менің күзім де,
өшпейтұғын ізі қалып жүзімде.
Кеуде ішінде сарғаяды жүрегім,
жастық шақтан бір сағыныш үзілмей.
Күз келеді-ау,
айналаның бәрі күз,
өзен-көл күз,
тау-төбенің жары күз.
Бойымызды билеп-төстеп бір аңсау,
күзге айналып барамыз ба бәріміз?