12.05.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/8a0df35a96c036a8f14f1197a56a5036.jpg)
Сен ұстаған әрбір заттар бағалы...
Сен ұстаған
әрбір заттар бағалы,
жүрегімнен
жылы орын табады.
Кеудемдегі бұрқақ сезім тасқыны,
бітуге де,
таяп-таяп... ағады.
Ыстық демдер
өртеуші еді Ай төсін,
бұл ауылдың
айтып болам қай кешін.
Тоғай тынып,
өзен беті жарқырап,
сені әлі
іздеп тұр ғой– қайтесің.