12.05.2022
165
Шәмшіге
Бір жыл болды сен кеткелі арадан
бір жыл бұрын бойға қайғы тараған
Бұл жүректің жазылатын түрі жоқ,
Бір жыл бұрын түскен сол бір жарадан.
Бір жыл болды сен кеткелі арадан,
кең даланда жылап қалды бар адам.
Бөлек-бөлек тусақ тағы анадан,
бірге туған секілденген, жан ағам