meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.05.2022
  193


Автор: Сабырхан Асанов

Іште жатыр бір қайнар...

Іште жатыр бір қайнар,
өзендер де сырнайлы.
Сырда туған Сырбайлар,
Торғай жақты жырлайды.
Етегі кең елімізде,
қаншама ақын жүр қызба.
Жерде жүрген менің де,
екі көзім жұлдызда.
Көкіректер от еді,
ұшса ойлар ғарышқа.
Ұмтылумен өтеді
адам алыс, алысқа..





Пікір жазу