12.05.2022
  173


Автор: Сабырхан Асанов

Шәмшісіз қалды...

Шәмшісіз қалды – әнсіз қалды бұл өмір,
мағынасыз,
мәнсіз қалды бұл өмір.
Қыс созылып,
көктем шықпай кеткендей,
селт етпестен жансыз қалды бұл өмір.
Шәмшісіз қалды– нұрсыз қалды бұл өмір,
тасқын-топан жырсыз қалды бұл өмір
Қыз бен жігіт бақ ішіне бармастан,
айтысатын сырсыз қалды бұл өмір.
Шәмшісіз қалды– үнсіз қалды бұл өмір,
күліп тұрар күнсіз қалды бұл өмір,
айлы, жарық түнсіз қалды бұл өмір.
бәрі бір боп жақсы менен жаманның,
қуанышсыз,
мұңсыз қалды бұл өмір.
Күмілжіген көмейлерге шоқ толды,
бұл бізге бір төте атылған оқ болды.
Төрт құбылам түгел еді ол барда,
ол кеткен соң жоғалды да жоқ болды.
Барлығы бір,
маған дағы бәрі бір,
баяғыдай жайнар ма екен әлі гүл.
Балалары түк түсінбей аң-таң боп,
болған іске сене алмастан жары жүр.
Кеуделерді көп күйдіріп жайлады от,
бұл пәниде ақыл жетпес жай да көп.
Қалың ел боп жыламасқа не шара,
жылағанмен келер және пайда жоқ.
Күтуші еді тауда– соқпақ, құмда– жол,
дей алмаймын енді онда кел, мұнда бол...
Жер бетінде әсем әні шырқалып,
жер астында жатар үнсіз тыңдап о





Пікір жазу