12.05.2022
186
Әкемді көзбен көргендер...
Әкемді көзбен көргендер,
шешемді көзбен көргеңдер,
әкем мен шешем өлгенмен,
өлмендер, сендер өлмендер.
Ұшпасын менің үрейім,
сендерге құлақ түрейін.
Көрінбес әке-шешемді,
көргендей болып жүрейін.
Заңына өмір бағынам,
десем де,
кімге шағынам.
Сендер бір көрген әкемді,
шешемді сонша сағынам...
Әкемді көзбен көргендер,
шешемді көзбен көргендер,
әкем мен шешем өлгенмен,
өлмеңдер, сендер өлмеңдер