12.05.2022
  142


Автор: Сабырхан Асанов

Жатса орынды, орынсыз наз да айтылып...

Жатса орынды, орынсыз наз да айтылып,
Бірді жақын көремін,
бірді бөтен.
Аз өмірді аяқтай жаздай тұрып,
мың жасайтын адамдай тірлік етем.
Кейде есіңе ал,
дей ме әлде кейде есіңе ал,
әлде сәті бірге өткен дейді осы бал.
Жанарымды тұратын жарқыратып,
Қанша жанның гауһардай бейнесі бар.
Ана қымбат,
қымбат қой бала маған,
қала ма адам,
өлместен қала ма адам.
Кешіріңдер, ағайын, кешіріңдер,
кешіріңдер кезімді алалаған..





Пікір жазу