11.05.2022
190
Жоқ болсам да...
Жоқ болсам да,
бар болсам да– шыдаймын,
қуансам да,
қор болсам да– шыдаймын,
басыбайлы болмасаң сен болғаны,
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Артық-ауыс сөзге де мен– шыдаймын,
кейде аларған көзге де мен – шыдаймын,
басқа жұртқа бағынбасаң болғаны,
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Есемді аздау алсам да мен– шыдаймын.
ескерусіз қалсам да мен– шыдаймын.
басқа жұртқа жалынбасаң болғаны.
Қазақстан дейтін менің шырайлым.
Десін, десін, десін мейлі, кәрі бұл,
көкірегім әрі бақша, әрі гүл.
сен басқаға басынды имей тұрғанда,
мен бақытты бола берем бәрі бір