11.05.2022
  171


Автор: Сабырхан Асанов

Жел еседі

Жел еседі,
еркіндік желі еседі,
секілденіп елімнің келешегі.
Кеше ғана
бұл өзi арман еді,
кеше ғана
бұл өзi елес еді.
Жел еседі,
еркіндік, азаттықтың,
дегендей-ақ
осымен азап бітті.
Жайнаңдайды
жарымай жатса дағы,
жарқылдайды
жасындай қазақ, тіпті.
Жел еседі, еркіндік, бостандықтың,
быт-шыт қылған
бұғаудың қастандықтың.
Ортақтықты
осынау қуанышты,
жүрегінің
мұңы бар достан күттім.





Пікір жазу