11.05.2022
  160


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Арнау

Самал жел Арқа жақтан есті ме екен?
Көңілге ой салады ескі мекен,
Сарысу Найман елі жайлаған жер
Есіне әркімдердің түсті ме екен?
Ендеше мен қозғайын көңіл-сырды,
Аралап өмір-өзен, өңір-қырды.
Тұмаркүл– қарындасы, Құрмаш– әкем,
Арнайын жан апама өлең жырды.
Сақтапберген, Есімсейіт жүйрік мініп,
Алдына жан салмаған аң аулауда.
«Бесік құда» болыпты уағдаласып,
Қызығы таусылмаған хан жайлауда.
Бойжетіп Тұмар апам сыланады,
Алтын белдік белінде қыналады
Әпсәмет Сақтапберген баласы да
Ағайынның алдында сыналады.
Ай мен Күн сүлулыққа таласады,
Қос құрбы бір-біріне жарасады.
Тұмаркүл Әпсәметке ұзатылып,
Ұлан- асыр той болып, тарасады.
Тұмаркүл келін болды назыменен,
Сыңсу айтқан аққу-қаз сазыменен.
Бал– дәурен балалығын артқа тастап,
Қауышты өмірінің жазыменен.
Дүниеге ұл-қыз келді мәпелеген,
Ана– деп, ардақ тұтып әкелеген.
Жан– жарынан айырылған Оны көрдім
Құлындарын өсіріп, жетелеген.
Қимады да, жан-жарын, қиналды ма?
Кете барды Ол– дағы жиналды да.
Қол ұстасып өмірге аттанып ед,
О дүниеде бір болды Иманы да!
Салт– дәстүрін қазақтың сақтап өткен,
Тұмаркүлдей апамды мақтан етем,
«Шәй» деспеген жарымен тірлігінде
Қасиетіңді мен қалай аттап өтем?!
Тұмар қылып Әжемнің ар-намысын,
Өз бойында мәңгілік ақтап өткен.
Тұмар апа, Жәнатта жәйің болсын,
Тұмар деген атыңды жаттап өтем.
Ұл – қызыңды ардақтап, еске алған,
«Алтынның сынығы» деп мақтан етем!





Пікір жазу