11.05.2022
692
Тұсаукесерге
Тәй– тәй басқан Арафат,
Құтты болсын қадамың,
Үлкендерден– шарапат,
Жыр арнайын қарағым,
Өскін, өркен жай– дағы,
Нәрің толсын бойдағы,
Талап, білім, арман– ой,
Орындалсын ойдағы.
Әжең сені аймалап,
Нұрға малсын маңайын.
Келген қауым қаумалап,
Таңдандырсын талайын.
Ата-анаң аман боп,
Биіктерге шырқасын.
Бейбітшілік заман боп,
Гүлге орасын қырқасын.
Өміріңе десте гүл,
Ұсынамын жырыммен,
Көңіліңде кесте– нұр,
Сәулелендір Нұрыңмен...
Тәй, тәй, балам жолыңмен!..