11.05.2022
112
Аялап сезімімді бүркеледім...
Аялап сезімімді бүркеледім,
Әлдене бір суық көзден үркеме деп.
Жаныңда Күндей күліп жарқыраймын,
Сезімім сезіміңді түртеме деп.
Жанымның жапырағын жайып саған,
Жүргейсің деп тілеймін ғайыпта аман.
Бар мен жоқ арасында тербелемін,
Түп – түзу жолда кейде тайып қалам.
Мен сені жүрегіммен сағынамын,
Ағылтып көңілімнің ағын – әнін.
Өлеңмен өріп алған сезімімді,
Тұмар ғып, лағыл – моншақ тағынамын.