10.05.2022
  157


Автор: Жүрсін Ерман

Елегізу

Өмір мені өзекке теппейтіндей,
Шаттығымның шарасы кеппейтіндей.
Ақымақ та, Сырқат та сияқты емен,
Бірақ маған бірдеме жетпейтіндей.
Үйлесіп-ақ тұрғандай мінез бен іс,
Жабыдаймын– жабыққа үйездегіш.
Күйбеңдеген күйкентай тірлігім де
Болу керек сияқты бір өзгеріс.
Дей алмаймын ешкімнен ырысым кем,
Есер де емес– сындымын ірісінген.
Тек... бәріңді таңдантар секілденем,
Таңғажайып, ғаламат бір ісіммен!
Қадамымды санамай қия аттаған,


Ырза болар асқар тау, мият далам,
Достарымды қуантып, сүйіндіріп,
Мен бір ерлік жасайтын сияқтанам.
Сиқырым жоқ,
Жоқ менің кереметім,
Еңбегім де жоқ мүлдем еленетін.
Бірақ, бірақ, ғажайып қазынаға
Сияқтымын бір күні кенелетін.
Қыран-ғұмыр қиялдап жетілген ем,
Қырандыққа жоқ әлі кепілдемем.
Кешіп жүрген өмірім– әншейін де,
Бәрін қайта бастайтын секілденем!





Пікір жазу