10.05.2022
  207


Автор: Жүрсін Ерман

Өкініш

Жайдары жүрегіме ораған мұң,
192
Мен сені қимай барам, Қарағандым.
Шілтері шымылдықтың ар жағында
Телміріп ту сыртымнан қараған кім...
Сол ғой, сол!
Жүрегімді отқа бөлеп,
Қосылып кетіп еді
-ау топқа бөлек.
Алаңдап қайтсін маған, арман
– дүние,
Алаңсыз қызық қуған ақ көбелек!
Қайтейін, біз жүретін жолдар бөлек,
Жолы бөлек болғанмен, соңғы арман ед...
Мен талай дулы топқа араластым,
Ішінде жазатайым сол бар ма деп.
Жоқ екен...
Көңіл бірақ тыншымады,
Тұтанып сағыныштың мың шырағы,
Жырланбай қалған соңғы, соңғы сәттің
Жеткендей құлағыма сыңсып әні.
Аққуым
– айдын суын ұрып ұшқан
,
Сол кешті ұмыттың ба сыр ұғысқан?
Жаутаңдап тана көзің, жарығым
-ау,
Неге шыға келмейсің бұрылыстан.
Таппады
-ау сағыныштың Жүрсін емін,
Сыршыл едім, Амалсыз күрсінемін.
...Қолаң шашың төгіліп, тым болмаса
Жырларымның ішінде жүрші менің!
***
Қамығып жүрмін.
Қалжырап, басым қаңғырды.
Сағынып жүрмін жапан түзімді жаңбырлы.
Киік те келіп, қайтатын еді көктемде,

Болмағаным ба аң ғұрлы?!
Құлаққа келіп жеткендей мөлдір су үні,
Қараша қаздың ауаны тілген суылы.
193
Қабаржып көңіл,
қажытты мені сенсеңдер
Қарбалас қала шуылы.
Тұрмысқа жайлы қаланы әбден төркін ғып,
Жүрсек те тойлап,
жегідей жеген дертімді ұқ:
Ең жайлап өскен еркелеу ұлға жетпей жүр
Даладай шетсіз еркіндік.
Қатыгез ұл деп мен жайлы, ауыл, айт өсек:
Шықпады тағы барам деп құрған ойша есеп...
Байқоңыр биыл тағы да тасып толды ма,
Ұшты ма тағы бәйшешек.
Жайдары жазын қарсы алған шығар жылғалы,
Құрғаған шығар қопалы жердің ылғалы.
...Бәрінен гөрі батып жүр маған шешемнің
Балконды мекен қылғаны!





Пікір жазу