10.05.2022
350
Стоматолог Мүсілім Дайырбековке
Күрескер деген сөзбен жұпталасың.
Мүсеке, бар ма өзің шықпаған шың?
Басыңа қиын күндер туған кезде
Сынбаған,
Иілмеген мықты адамсың!
Білмейсің дамылдауды, жай басуды,
Қасиет жас күніңнен бойға сіңді.
Азуы жоқ қазаққа азу салып,
Үйретіп келесің сен шайнасуды!
Қасірет ұмытылып кетті іштегі,
Қадірлі қарт болыпсың жетпістегі.
Азаптың бәріне де шыдап бақтың,
Қазақтың бүтін болсын деп тістері.
Біліп ең мақсатыңа жетеріңді,
Жұлдызың қайта көкке көтерілді.
Үйіңнен алтын іздеп таппағандар
Ұқпаған –Алтын өзің екеніңді!