10.05.2022
  192


Автор: Жүрсін Ерман

Қызыма

Қызым менің!
Жақсылыққа жалғасқан ізім бе едің.
Сені ойласам, жүрегім езіледі,
Көрмейінші көзіңнен жас үзілгенін.
Қайырмасы.
Тағдырың– бөлек,
Бере алмай көмек
Сені ойласам– күрсінемін.
Көз алдымда көрініп
Жүрші менің!
Көбелегім!
Сен қуанып оянсын деген едім.
Періштемдей қорғаштап пейіліңмен
Көлеңкемде жүрмейсің неге менің?!
Жүректесің!
Табаннан– сыз,
Маңдайдан– күн өтпесін.
Сенен жақын әкеге қамқоршы жоқ,
Туған үйге табынған тілектесім!





Пікір жазу