10.05.2022
  176


Автор: Гүлбақыт Қасен

Өтінемін

Өтінемін,
мені ешкім сынамаңдар,
хәлімді де сұрамаңдар!
Сырын ашып айта қоймас,
Нардан оңбай құлағандар.
Әлдилемес тағдыр мені,
көздің жасын бұлағанда,
ойдан тағдыр құрамаңдар...
Өтінемін!
Өтінемін,
мені ешкім ұнатпаңдар,
жылы сөзбен жұбатпаңдар!
Өмір – сынақ, шалынысам,
«Неге?» деген сұрақтардан.
Шын бейнемді таппай жүрмін,
бүлдіргенді қыраттардан,
қасиетті бұлақтардан...
Өкінемін!





Пікір жазу