10.05.2022
  129


Автор: Гүлбақыт Қасен

Қар жауып тұр

Қар жауып тұр менің сұлу қалама,
Қайда жүрсің, қайда жүрсің, жан аға?
Қар секілді менің жаным еріп тұр,
Тамшы-сезім сағыныш боп бара ма?
Қар жауып тұр менің сұлу қалама,
Қарға айналсам мені ұғар, жан аға.
Жылы нұрға зәру қырау кірпіктер,
Сезім тоңнан, жүрек мұздан жаралған.
Қар жауып тұр менің сұлу қалама,
Қайда жүрсің, қайда жүрсің, жан аға.
Баяу қалқып қонақтайды ұлпа қар,
Маған серік жолдағы көп бағана.
Қар жауып тұр менің сұлу қалама,
Қаңтар өтіп, ақпан келді, жан аға.
Аппақ әлем періштесін күтіп жүр,
Бір қалауын тапса қар да жана ма...
Қайда жүрсің, қайда жүрсің, жан аға?!





Пікір жазу