10.05.2022
  130


Автор: Гүлбақыт Қасен

Өшірмеші бір мені

Бұл өмірдің қашанда бар бір кемі,
Сеніменен толтырып ем іргені.
Бәрін, бәрін өшірсең де өзің біл,
Өтінемін,
өшірмеші бір мені!
Маған қымбат қасымда бір жүргенің,
Әзілдесіп, жарқылдап бір күлгенің.
Бәрін, бәрін өшірсең де өзің біл,
Өтінемін,
өшірмеші бір мені!
Ғанибет ол – өмірді бір сүргенің,
Тыныстасам жетпей қалар бір демім.
Бәрін, бәрін өшірсең де өзің біл,
Өтінемін,
өшірмеші бір мені!





Пікір жазу