10.05.2022
  158


Автор: Гүлбақыт Қасен

Қымбаттысыз

Ерекшесіз,
жанымның жұмақ мекенісіз!
таң атады, күн де батар екеумізсіз.
Күн сәулесі күліп мені оятқанда,
нұрмен барып аяласам,
жүрек бағын саяласам,
Сіз ренжімей, маған рұқсат етемісіз!
Құрметтісіз,
жүректің төрі тұрағыңыз!
сағыныштан сізге жазған жырым аңыз.
Кешкі самал бұрымымды тербегенде,
желмен барып еркелесем,
жалын атып өрте десем,
Сіздің болмас маған қояр сұрағыңыз!
Қымбаттысыз,
бағаңыз биік көгімдесіз!
аппақ көңіл - тартылмайтын көл мен теңіз.
Тәтті қиял түнгі ұйқымды ұрлағанда,
жұлдыз болып жанып тұрсам,
қасыңызға барып тұрсам,
Өтінемін...
түсім емес өңім деңіз!





Пікір жазу