10.05.2022
  162


Автор: Гүлбақыт Қасен

Берілмейді екі өмір

Сүйем деме, ғашық жігіт өтінем,
Адам аз ба бұл өмірде өкінген?
Орамашы лапылдаған жалынға,
Жанып кетем махаббаттың өртінен.
Маған деген жан сезімің адал ма?
Әлде жалған, ермек етер амал ма?
Жүрегіңе шын мейірім орнасын,
Берілмейді екі өмір адамға.
Өзгелерге құрмет болсын бойыңда,
Құдірет жи адалдықтан ойыңа.
Қыздар нәзік өкпелетіп қойса егер,
Жігітсің ғой, ешуақытта мойыма!





Пікір жазу