10.05.2022
196
Балама
Балапан –
бүлдіршін, балам,
Жыр арнап жазамын саған.
Ақылды азамат боп өс,
Біліммен көркейер заман.
Жылы сөз –
жаныңа дәрі,
Еркелік қалады әлі.
Жан-жақты өнерлі болсаң,
Кім бұл? – деп таңданар бәрі.
Аппақ қар
көңілің сенің,
Бойыңда керемет сенім.
Көкке ұш,
қанатың талмай,
Батыл боп қорғайтын елін.