10.05.2022
135
Кенжеқызы анамның
Балалықтың жыры – сен,
Бақытымның гүлі – сен.
Қымбат болса, екі адам,
Бірі – Анам, бірі – сен.
Бұл өмірдің мәні – сен,
Гүл көңілдің әні – сен.
Ішіндегі бес қыздың,
Жаны нәзік, сәні – сен.
Сіңілімсің, барым – сен,
Бірге туған қаным – сен.
Жабырқаса көңілім,
Мені ұғар жаным – сен .
Шаңырақтың нұры – сен,
Кәсар бұлақ суы – сен.
Кенжеқызы анамның,
Жанұяның туы – сен