10.05.2022
565
Жанұя бақыты
Келеміз талай-талай белден асып,
Алланың жолына алғыс берген ашып.
Махаббат лаулап тұрар алау от па,
Өмірде жан жоқ шығар менен ғашық.
Тамсанып түсімдегі елесіңе,
Мен сені сағынамын сезесің бе?
Өзіңе қатал талап қойсам егер,
Ол менің шын сезімім сенесің бе?
Сеземін сағынасың сен де мені,
Жаныма шуақ, нұрың себіледі.
Бақытың – жанұяңның жүрегімін,
Құрметтеп, бағаласаң егер мені.
Жанұя – бақыт сыйлар ұлы мекен,
Бақытым – өзің менен ұлым екен.
Махаббат жырларымды мәңгі өлмес,
Сайраған бұлбұл құстың үні етем.