10.05.2022
  195


Автор: Гүлбақыт Қасен

Балалық шақ

Балалық шақ байлығының иесі,
Болып қалу – менің мәңгі арманым.
Ақ бесігім – бар қазақтың киесі,
Сәби жүрек өмірімнің бар мәні.
Қол бұлғайды балалықтың кемесі,
Бүлдіршіннің қалды атты таяғы.
Анық нәрсе – еркеліктің ермесі,
Еске түсер ертегілер баяғы.
Жанарымда қуаныштың жасы бар,
Болашақтың оты лаулар жүректе.
Балалығым мойныма кеп асылар,
Сағынышпен тілек қосып тілекке.





Пікір жазу