10.05.2022
  145


Автор: Гүлбақыт Қасен

Асқар тауым

Болмасам да қамшы ұстар текті ұлың,
Дұға ететін бұл қызыңа бет бұрғын.
Сенің шексіз мейіріміңді сағынып,
Әкетайым, қабіріңе кеп тұрмын.
Алла деуші ең Азаныңды шақырып,
Өзің барда алшаң бастық, шалқыдық.
Иманыңды серік етіп жүрсің бе,
Балажүрек сені іздейді шарқ ұрып.
Қазынасы, бір ауылдың қарты едің,
Қарапайым болсаңдағы мәрт едің.
Қоғалының жайлауында үзілді...
Немереңе айтып берер ертегің.
Ақсақал ең сый-құрметке бөленген,
Ұлағатты сөзің қалды өнеге.
Төрде отырып бата берер сен жоқсың,
Шапаныңа қарап қоям көнерген.
Ұрпағыңа алаңдама бәрі аман,
Өсіп-өнген, еңбекқор боп жаралған.
Асқар тауым,
төмпешік боп жатырсың,
Сағынышым жас боп ақты жанардан...





Пікір жазу