10.05.2022
  181


Автор: Гүлбақыт Қасен

Мұрасы мол

Ғасырлардан ғасыр аттап келеміз,
Өнерімен, өлеңімен ел - егіз.
Ұлы Мұхтар қазағымды танытқан,
Тарихымда мәңгі өшпейтін терең із.
Мұрасы мол тағылым алар данадан,
Сөзін тыңда шыққан ұлы санадан:
«Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы».
Ақылдының кең болады өрісі,
Үлгі болар өнегелі ер ісі.
Топырағында Мұхтар сынды ұл туған,
Бұл – елімнің, қазағымның жемісі.





Пікір жазу