meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.05.2022
  157


Автор: Гүлбақыт Қасен

Неге

Өмірдің мынау
әсем де жарқын бояуын
Жеткізіп маған,
тұрғандай айтып баяу үн.
Құлаққа еміс
келеді әлем шындығы,
Құлақ сал оған
тыңдашы бір сәт,аяулым.
Тірліктің мынау
шырмалып түйнек жібіне.
Тірелгендей
өмірдің шыңырау түбіне.
Келісе алмай,
шындық пен жалған белдесіп,
Бөлінер әлі
сан қилы заман түріне.
Шындықты әлі
айта алмай келе жатырмыз.
Басқаны айтсақ
ондайда сөз жоқ батырмыз.
Ауызға түссе,
жұтынып кері жіберген
Пенденің бәрі
Неге, білмеймін батылсыз?! ...





Пікір жазу