10.05.2022
  195


Автор: Гүлбақыт Қасен

Қазағымның дәстүрі

Салт-дәстүрі мұра болып сақталған,
Үміт сөнбей, артқан сенім ақталған.
Наурыз тоймен менің елім қауышып,
Ағайынға тілек, сырын ақтарған.
Шырақ болып қайта жанды өшкені,
Осы емес пе мерейімнің өскені?
Ұлыс күні құт әкелсін еліме,
Үйі жанға, малға толып төскейі.
Наурызымда күн менен түн теңелер,
Барша әлем ғажайып бір күйге енер.
Селт еткізіп жігіт қызды тосыннан,
Нәзік сезім ғашықтарға сый берер.
Жаңа жылға айқара есік ашайық,
Ғасырларға ізгі қадам басайық.
Қазағымның қасиетті күні бұл,
Наурызды - Ұлы тойды жасайық.





Пікір жазу