10.05.2022
180
![](/uploads/shorttexts/author_image/isk-9880-4.jpg)
Қоңырөлең
Құтты қоныс – Жаркентімнің аймағы,
Қазағымның берекесі, қаймағы.
Есіміне Күн де құштар, Ай дағы –
Қоңырөлең.
Жайлаудан бір, кем түспейтін ауыл бар,
Сол ауылда ағайын бар, бауыр бар.
Мекен болған ақжарқын ел, қауымға –
Қоңырөлең.
Шөбі шүйгін, жусанды жер, құнарлы,
Бал-бұлағы қандырады құмарды.
Топырағы қасиетті тұмарлы –
Қоңырөлең.
Сәттерімде жабырқаған, жасыған,
Атақоныс жерім ғой деп асығам.
Берекелі, ырысы мол тасыған –
Қоңырөлең.