10.05.2022
225
Текелі
Жазы да әсем, қысы да әсем Текелі –
Шұрайлы жер, сұлулықтың мекені.
Күні нұрлы, түні жырлы Текелі –
Сырлы қала, ғашықтардың мекені.
Жері де алтын, белі де алтын Текелі –
Бай қазына, кен, байлықтың мекені.
Даласы кең, ауасы ем Текелі –
Жанға дауа, жұмақ жердің мекені.
Тауы көркем, баулы өлкем Текелі –
Көз тұнатын құлпынайдың мекені.
Жері жасыл, елі асыл Текелі –
Нұр төгілген жақсылықтың мекені.
* * *
Әдемі. Ерекше.
Гүлдері Көкталдың.
Көк түсті терек ше...
Аялдап, тоқтадым.
Ақ қайың, ақ талдар –
Жанымның еміндей.
Жемісті бақтар бар,
Ырыстың кеніндей.
Даланың аруы
Көрікті, келбетті.
Көңілдің дәруі –
Әсем ән тербетті.
Көкталдың кешінен
Көрмедім кеш басқа.
Кетпейді есімнен
«Тығылмақ», «Бес тастар».
Өзгеше. Ерекше.
Көкталдың аспаны.
Көк түсті терекше...
Жырлама басқаны!