10.05.2022
140
Елігім-1
Лағындай едім еліктің,
Қымбаттым, мені еліттің.
Сыңарсыз жүрген шағымда –
Ұғарсың. Саған еріппін.
Қаншама алыс қашықтық,
Алдағы күнге асықтық.
Махаббат жырын жалғады –
Ғаламат хаттар – ғашықтық.
Хаттармен тілсіз үндестік,
Сезіммен сұлу күн кештік.
Әдемі сөздер жұбатты,
Жылатты мені – білместік...
Білместік заңы тағдырдың,
Жазғырдың, жолда қалдырдың.
Адасты менен елігім –
Көрдің бе, оны жан құрбым?..