10.05.2022
173
Бөбегім
Бүлдіршін балам – бөбегім,
Бетіңнен аппақ өбемін.
Жүректің титтей бөлшегі,
Арналар өмір-өлеңім.
Балдырған балам – бағымсың,
Тәп-тәтті шекер балымсың.
Алламның берген байлығы,
Барымсың – биік арымсың.
Алтыным балам – тірегім,
Өзің деп өмір сүремін.
Алдыңнан ақ жол ашылсын,
Аналық аппақ тілегім.