09.05.2022
174
Зейнолла Алшымбаев-қа
Бір жігіттің жетілмегі елден-ді,
Өз бабына ер келді.
Күллі əлемнің кешіп жүріп айлағын,
Жан жылуын жан ұлтына берген-ді.
Ер жігітте – шыршасындай орманның,
Болар оған қорған кім?!
Орман сынды қайран ауыл жайқалар,
Ел-жұртына ерлер қорған болған күн.
«Аманатын арқалаған жылдардың»,
Шың басында шыр-шыр етіп тұрған кім!?
Азаматың рəсуа болмасын,
Тудың екен сақтай біліп, құлданғын.
Зəке, мынау кітабыңды оқыдым!
Жанға келді тосын үн.
Шəкірт сайла, енді кім бар ізіңде,
Бар жүректе осы мұң?!