Көрісейік, құшақ аш
Халық-дана!..
Сосын бір топ надан бар.
Не десеңде кері тартып табандар.
Есімдерге күйе жағып құлатқан,
Ессіздердің көмейінде бар аңғар.
Алашымның көп талаған дарасын,
Ай, қу надан!..
Тағы кімді қабасың?..
Арамдайды сүтке тиген мысықтай,
Аспан менен қара жердің арасын.
Отпан тауға
Амал келді, ақ келді!
Туыс-тума, алыс-жақын, жат келді.
Итке сүйек,
Адамдарға жыр шашу,
Жүгіріңдер «Бірлік» атты бақ келді!
Ұрпағыма,
Ұл-қызыма аманат!
Ерлер менен құрдық жүріп қағанат.
Намыс түгел,
Арым биік, тілек ақ,
Іні тірек, болды тəлім, аға –хат!
Əрбір таңнан іздеп өттік жаңа бақ,
Əр Қазақты сүйіп өттік бағалап.
Періштемен пейілім бір,
Жүзім нұр,
Ей, надандар ұнамадық саған-ақ!
Ту сыртымнан
Оқтап жүрсің мылтықты,
Алдымнан кел, адал ат!?..
Саған қандай кінəміз бар білмедім,
Санаңызға алған шайтан балалап.
Отпанға кел,
Көрісейік, құшақ аш,
Кетсейші бір пейіліңді жаңалап!?