09.05.2022
  152


Автор: Сабыр Адай

Қаратаудан көш бұрылып қарайды

Уыз қатқан таңдайыма, Ақ Мамам,
Сені іздеп таппаған,
Боздау айтқан – бір тайлаққа бос жүрген,
Мендік сезім – шұбырынды ақ табан!
...Ақ Мамам!
Аппақ еді сенің екі бұрымың,
Жетер бəлкім бұл үнім?!
Отырардай ойран болған көңілмен,
Тұр ұлың, Құлының!
Аппақ шағыл ақ кебінің – ақ жібек,
Жан жүдеп,
Қаратаудан көш бұрылып қарайды –
Сонау кімнің ботасы еді, қалды деп.
Сені іздеген
Сəттерімнің бəрінде,
Қарашыққа қамсау болды мəңгі көк.
Өзің болып
Маңдайымнан сүйіп тұр,
Таңғы леп.
Менің ботам – Менің кенжем бар-ды деп.





Пікір жазу