09.05.2022
201
Бетегені жастандым
Топан судай селденмін,
Толастамас желденмін.
Ұртыма салдым өлең ғып,
Боз тікенін шеңгелдің.
Ай құшақ керген аспанмын,
Қайғы сап берген дастанмын.
Боз жусанды саялап,
Бетегені жастандым.
Біз де жоқ, өш, кек деген,
Сүрмедім өмір текке мен.
Өз ұлыңмын – Маңғыстау,
Өзекке тепсе кетпеген.