09.05.2022
  119


Автор: Сабыр Адай

Асау таң мен асау күн

Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен асау күн!
Қайда асықтың жасаулым?!
Шідерімді
Шеше кетші менің де,
Мен де өзіңдей асаумын.
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен асық күн!
Неге сонша асықтың?!
Шеше кетші
Шідерімді менің де,
Бостандыққа ғашықпын!
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен отты күн!
Отсыз сенің жоқ күнің.
Босат Мені!?..
Бостандықтың отына,
Күйіп өлсем, жоқ мұңым.
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен елес күн!
Қара түн мен тел өстің.
Мойынымды
Созуменен өттім Мен,
Арғы жағын көре алмай,
Белестің.
Мен: Елес те емеспін!..





Пікір жазу