09.05.2022
  215


Автор: Сабыр Адай

Үш бидің шәкірттеріне аманат

Төле би жоқ,
Қазыбек би,
Əйтеке,
Мəжілісте қалаулыдан кімдер бар?!
Ойдан құнар, тілден нəр.
Ежелгі жау екі бүйір қабырғам,
Ит сарыған іргем бар.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлаған сыңғырлақ,
ҚР жайлы берер екен кім жырлап?!
Ойбай анау шəкірттері
Үш Бидің,
Ақыл емес, алтын дейді бір-бір қап.
Қалаулысы əн салып тұр: «Көкем» – деп,
Жараулысы тас пен тауды көтермек.
Көше толған жарнаманың жыртығы:
«Қазақстан сені сүйіп өтем» – деп.
Төле би жоқ,
Қазыбек би,
Əйтеке,
Сайлаушыдан сұраңыз!?
Сосын тағы біліп қалар Құдаңыз!..
Шыдаңыз!..
Өңкей мықты,өңкей дүрлер атақты.
Көмейден жыр, көзімізден жас ақты.
Өтті өмір: Тураған ет-туған ай,
Атау-заман, кересінен асатты.
Қолда барды қошқар қылдық дұрыс па?!
Күңкілдеме, жат, өзіңе, ұрыс та!
«КАПИТАЛ»-дың жүрген жері осы» – деп,
Маркс пенен Ленин шал тұр бұрышта.
Ал содан соң
Қалғып кеттім тағыда,
Бір бітпейтін ұйқы бар ғой, ұлыста!
Неде болса,
Шəкірттері Үш Бидің:
Адал болсын ісіне!
Қалғығанда халық кірсін түсіне.
Хақтан сұрау болады
Аманаттың күшіне!
Аманаттан аттаған қарыз болмақ кісіге.
Халық кірсін түсіңе!?..





Пікір жазу