09.05.2022
151
Жол баян
Жұлдызқұрттай жұтынады пойыздар,
Ақбөкендей ырғып қашып төбелер.
Мен отырмын қиял тəтті, ой ызғар,
Жыланбауыр қысыр соқпақ не берер!?
Нарқоспақ құм, мама бие бал бұлақ,
Күміс шашбау көк жиекте қос бұрым.
Қара ноқат бір жолаушы жалғыз ат,
Тіршілікте біз байғұсқа жоқ тыным.
Көл жағасы жұтпа балық, жылым тор,
Желбас қамыс бұрқырайды түбітсіп.
Жұмбақ сапар бірі бақыт, бірі сор,
Құс-қаңбақпыз жүргенім жоқ біліп түк.