09.05.2022
162
Жақсылардан айырма
Жап-жассың ғой жанның асыл данасы,
Жан телім-ау айдың туған жаңасы.
Дидарыңа қарай берем сəулелі,
Сенде маған ең соңғы рет қарашы?!
Өмір деген жалғыз-ақ əн қайырма,
Жанымыз шөл қайыр менен зайырға.
Көріп жүріп көңіліміз тоғайсын,
Я, Жаратқан жақсылардан айырма?!
* * *
Құт дарыған мекен еді бұл аймақ,
Енді, міне, есі кетіп тұр айлап.
Пенде байғұс басын ұстап күрсінер,
Маңдайына бермегесін құдай бақ!
Қайғылының қанды өзегі құрғайды,
Қаралы жан аққа көңіл бұрмайды.
Дүниенің бар байлығын жинасаң
Бір шаттанып күлгеніңе тұрмайды.